Қонақ қабылдай білесіз бе?

1. Өз құрбы-достарыңызды қонаққа шақырмас бұрын міндетті түрде ата-анаңыздың  рұқсатын алып, қонақ шақыратын күн мен өзің шақырғың келетін қонақтардың санын келісіп алғаның дұрыс.
2. Шақырылған кісілер өз істерін жоспарлап, сіз шақырған күнін бос қалдыру үшін қонаққа алдын ала шақыру керек.
3. Тіпті қонақ шақыратын күніңізді қонақтарыңыздың барлығына ыңғайлы болу үшін олармен келісіп алуыңызға да болады.
4. Мүмкіндігінше қонаққа шақырған күніңді өзгертпеуге тырысу керек, себебі барлық шақырған кісілеріңіздің сол күні сізге барамыз деп жиналып отырғандықтан көңіл-күйі түседі.
5. Қонақтарды алдын ала шақыру билеті арқылы немесе жақын туыстарыңыз бен достарыңызды телефонмен де шақыруға болады.

Қонақ келер алдында

Қонақты тек таза ұқыпты жиналған пәтерге/үйге шақыру керек. Сондықтан алдын ала үйдің ішін жинап, жиһаз бен еденнің шаңын сүртіп тазалау қажет.
Қонақ келер алдында қонақтардың киімін ілуге орын босату үшін киім ілгіштегі басы артық заттарды жинап шкафқа салып таста.
Ұқыпты үй иелері жуынатын бөлмеге қонаққа арнап сүлгілер іліп қояды.
Егер біреу-міреу тарағын үйіне ұмытып кетіп немесе таба алмай қалып жатса пайдалану үшін кіре беріс бөлме мен жуынатын бөлмеде қонақтарға арнап тарақ қойып қойыңыз.
Егер қоанқтарға арнап түрлі дәмділер дайындайтын  болсаң, соңғы сәтке қалдырмай оларды алдын ала дайындап қойғаның жөн. Сонда өзіңді ретке келтіруге біраз уақыт үнемдей аласың.

Қонақтардың келуіне дайынсың ба?

Тест

Бұл тест саған қонақ келер алдында септігін тигізеді.

Сұрақтарға «иә» не «жоқ» деп жауап бер.

Үйді жинап үлгердің бе?

Қонақтарыңа беретін тағамдарың дайын ба?

Үстел жайып үлгердің бе?

Киіміңді ауыстырып үлгердің бе?

Шашыңды сәндей алдың ба?

Қонақтарың тыңдайтын әуендер дайын ба?

Егер қонақтарың саған арнап гүл алып келсе, оны салатын құмыраларың дайын ба?

Кештің көңілді өтуі үшін бағдарлама жасап үлгердің бе?

Фотоаппарат пен бейне камераны дайындадың ба?

Қонақтарға арнап шағын естелік сыйлықтар дайындадың ба?

Қонақтарыңды қалай отырғызатыныңды шештің бе?

Тым болмаса жарты сағат дем алып үлгердің бе?

Егер осы сұрақтардың барлығына «иә» деп жауап берсең ештеңеден қысылмай қонақ қабылдауыңа болады. Себебі оларды қабылдауға әбден дайынсың.

жалғасы бар...

 

Пікірлер 

 
0 #3 Essay Writing Tip 2017-12-06 14:51 algebra homework helper essay writing service writing my essay writing a qualitative research paper Дәйексөз жазу
 
 
0 #2 Pay To Do Homework 2017-12-06 06:10 language arts homework help essay writing service homework help with math buy assignment online Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Brianfuh 2017-12-05 18:15 Приветствую! класный у вас сайт!
Нашел интересную базу кино: Список 2017 лучшие мультфильмы http://kinorulez.ru/
Здесь: http://kinorulez.ru/poznavatelnoe/11449-ocharovanie-prirody-fascinating-nature-1996.html Смотреть Очарование природы / Fascinating Nature (1996) онлайн бесплатно
Здесь: "Симпсоны" продлены сразу на два сезона
Тут: http://kinorulez.ru/drama/10336-gde-moya-doch-kizim-nerede-sezon-1-2010.html
http://kinorulez.ru/multfilmy/ Лучшие мультфильмы 2017 список
Список 2017 лучшие мультфильмы
Лучшие детективы 2017 смотреть Лучшие детективы 2017 смотреть
Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:670
Кеше:1192
Барлығы:3061399