Апталық жұлдыз жорамал

26 қараша – 2 қазан

Тоқты
Осы апта қызығы мен шыжығын өзімен бірге ала келмек. Алайда бәрі өз қолыңызда. Айналаңызда болып жатқан жағдайларды сабырмен қарсы алыңыз. Аптаның бірінші жартысында өте абай болғаныңыз жөн. Аптаның ортасынан бастап жұмыстарыңыз реттеліп, көңіліңіз жәй табады.

Торпақ
Аптаның бірінші жартысы сіздің істеген әрекетіңізге байланысты дамымақ. Сейсенбіге дейін маңызды жұмыстарыңызды бітіруге тырысыңыз. Жоспар бойынша жұмыс істеп, уақытыңызды тиімді пайдаланыңыз. Аптаның соңында отбасыңызбен демалғаныңыз абзал.

 

19 қараша – 25 қараша

Тоқты
Апта басында өзге адамдардың ұсынысы мен бастамасы сіз үшін пайдалы болуы мүмкін. Жақындарыңызбен жылы қарым-қатынас орнатыңыз. Қандай қиындыққа да мойымай еңбек етсеңіз, өз жемісін береді.

Торпақ
Қаржылық жағдайыңызды жақсарту үшін қолдан келгеннен аянып қалмаңыз. Қызғаншақтардың кесірінен зардап шегуден сақ болыңыз. Шектен тыс сабырсыздық сізге пайда әкелмейді.

 

3 қыркүйек – 9 қыркүйек

Тоқты
Бұл апта сіз үшін қарбаласқа толы, бірақ жағымды жаңалықтармен ерекшеленеді. Сіздің құрған жоспарыңыз аяқ астынан өзгеруі мүмкін. Ойламаған жерден таныстықтарға тап боласыз. Кәсіби қызметіңізде кілт өзгерістер болуы мүмкін.

Торпақ
Қауырт жұмыстарды бастамас бұрын, оның нәтижесі қалай болатынын алдын-ала ескеріңіз. Өйткені өмір ұсынған сәтсіздіктен сынып кетуіңіз әбден мүмкін. Сыртқы келбетіңізді өзгертіп, , жаңа киім сатып алуға, ем-дәмге отыруға керемет таптырмас кезең келді.

 

29 тамыз – 3 қыркүйек

Тоқты
Осы апта қызықты жаңалықтарымен өміріңіздің шырайын ашуы ықтимал. Белен алатын оқиғалар сіздің бастамаңыз арқылы өрбімек. Қолыңыздан келетің істі жетілдіріп, өміріңізге өзгеріс енгізуге ұмтылыңыз. Жан тебірентендірілік әсер мен қайталанбас оқиғалар күтіп тұрғаның естен шығармағаныңыз абзал.

Торпақ
Осы апта барынша қызықты әрі сәтті өтпек. Сіз айналаңызда болып жатқан оқиғаларға шын көңілмен қызығушылық білдіріп, қоғамдық өмірде белсенді болмақсыз. Сіздің айналаңыздағы адамдардың көзайымына айналып, өміріңізге елеулі өзгерістер енгізетін беделді қауыммен танысуыңыз ықтимал.

 

23-30 тамыз

Тоқты
Бұрын сонды тіл табыса алмаған адамдармен байланыс ұстауға тиімді уақыт болмақ. Ішкі түйсігіңіз басқалардың сізге деген көз қарасын сезсе де, ештенеге қарамастан алға ұмтылуға тырысыңыз. Сондай-ақ, жаңа іскерлік серіктестермен келісім шартқа отыруға өте тиімді уақыт. Тіптен дос балып кетулеріңіз де ықтимал.

Торпақ
Осы апта көп Торпақтарға қызықты және тиімді бастамаларға толы болмақ. Айналасындағы адамдарды дара талантымен тан-қалдырып, қошеметке ие болуы ықтимал. Оған қоса, қазіргі жұмысыңызды жалақысы жоғары, болашағы кемел іске ауыстыруыңыз мүмкін.

 

16 – 23 тамыз

Тоқты
Осы апта сіз үшін барлық қырынан сәтті өтпек. Бастаған ісіңізді қолдаушылар табылып, айыңыз онынан тумақ. Тек жұмыс жағынан ғана емес, жеке өміріңізде де елеу-лі өзгерістер болуы ықтимал.

Торпақ
Тоқтылардың тез ойлап, ешкімнің ақылыңсыз өз бетімен әрекет етуінің ар-қасында қарсыластары мен көре алмайтын адамдарын алдын шан қаптырып кетуі ықтимал. Дарыныңыздын арқасында елеу-лі жетістіктерге жетіп, жеке өміріңізде де айтарлықтай өзгерістер болуы мүмкін.

 

9 -16 тамыз

Тоқты
Апта айтарлықтай жаңалыққа толы болмаса да, сәтті өтпек. Сіз алға қойған мақсатыңызға жету жолында не істеріңізді білмей есенгіреп қалуыңыз мүмкін. Сіздің жеткен жетістігіңіз еңбегіңіздің арқасында емес, біреулердің көмегімен келгенін естен шығармағаныңыз жөн. Қаржыңызды барынша үнемдеуге тырысыңыз.

Торпақ
Сіздің басқаруыңызбен өтетін бұл апта қарбаласқа толы болмақ. Кәсібіңіз бен жеке өміріңізді ретке келтіргеніңіз жөн. Барынша сабыр сақтап, ашуыңызды ақылға жеңдіруге тырысыңыз. Маңызды шешімдер қабылдаудан сақ болыңыз.

 

2 тамыз – 9 тамыз

Тоқты
Айналаңызда болып жатқан оқиғаға салқын қандылық танытып, сабыр сақтаңыз. Жаңа қызметіңізді бастамай тұрып, алға қойған мақсатыңыз бен бұл қызмет не беретінін саралап алыңыз. Бәріне бірден қол жеткіземін деп барыңыздан айырылып қалудан сақ болыңыз.

Торпақ
Осы аптада ойланбай әрекет етуден сақ болыңыз. Сіздің сипаттамаңыздағы ең жағымсызы оқиғаны дұрыс бағалай алмауыңыз болып отыр. Тіптен, сізді тура жолдан тайдырушылар пайда болуы мүмкін. Кәсібіңізге сай іскерлік ұсыныс түсуі ықтимал, алайда аяқ асты шешім қабылдамай біраз уақыт ой елегінен өткізгеніңіз жөн.

 

26 шілде – 2 тамыз

Тоқты
Аянбай еңбек етіп, маңдай теріңіздің қызығын көретін шақ. Шанді-шекпенділердің көмегін күтпей өз күшіңізге сүйенгеніңіз жөн. Өмірдің өзі сіздің алдыңызға жаңа белестер мен асуларын дайындап қойған тәрізді. Беріліп тұрған мүмкіндіктін шешімін қазір тауып, дер кезінде іске асырудан ада қалмаңыз.

Торпақ
Бұл апта сіз үшін жағымды жаңалықтарға толы болмақ. Туа біткен талантыңызға барша ел тамсанып, іскерлік ұсыныстардың түсуі де мүмкін. Болашаққа нық қадам басу үшін ішкі түйсігіңіздің де көмегі мол болмақ. Өмірге деген көз қарасыңыз өзгеріп, алда тұрған белестерді қалай бағындыру керектігін түсінуге мүмкіндік бар.

 

19 шілде – 26 шілде

Тоқты
Осы аптада өміріңізді жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндік туады. Берілген мүмкіндікті қолдан жіберіп алмауға тырысыңыз. Қаржылай қиындықтарыңыз шешімін тауып, шетелдіктермен маңызды келісім шартқа отыруыңыз ықтимал.

Торпақ
Осы апта сынаққа толы болмақ. Қандай қиындық болмасын жақын адамдарыныңызды ренжітіп алудан сақ болыңыз. Барынша ақшаңызға абай болғаныңыз жөн. Ашуыңызды ақылға жендіріп, ойланып қадам басқаныңыз дұрыс. Апта соңы жақсы жаңалықтарға толы болмақ.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 Келесі > Соңғы >>

Страница 1 из 6


2011-2012 © Қыздар әлемі. Қазақстандағы алғашқы қыздар порталы.
Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының тапсырысымен
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде жасалды.

Тіркелу



Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:100
Кеше:405
Барлығы:2261310