Бойжеткені бүгінгі ғасырымның
Бүгінгі ғасырдың бойжеткені жастар көзімен: салмақты пікір, салиқали ой, жарқын толғаныс

Бүгінгі ғасырдың бойжеткені, менің ойымша...

«Қыздар әлемі» порталына кіріп, өзімнің замандастарымның «Бойжеткені бүгінгі ғасырымның» айдарындағы пікірлерін оқыдым. Мен де қыз бала тәрбиесіне қатысты өз ойымды білдіруді жөн көрдім.

Ежелден қазақ қызын дүйім жұрттың ұяты, халықтың шырайы деп баға берсе керек. Ұлт болып ұйысқан қазақ жұртының қаймағы бұзылмай, жеке халық болып қалыптасуына септігін тигізді. Қашан да ұрпағының болашағын ойлап, өркен жайып, өнегелі өмірдің өшпес ізін қалдыратын қазақ қаракөздерінің бейнесі бүгінде жоқ емес. Бар. Алайда, әр бұрышта жасырынып болсын немесе жарияға жар салып, темекіні телміріп тартатын қыз балалардың бүгінгі халі кімге үлгі? Келешекте кемеліне жетер бала сүйе ала ма? Жалын атқан жас кеуде лезде барынан айырылып, сорлыға айналатыны белгілі ғой.

 
Бүгінгі ғасырдың бойжеткені жастар көзімен: салмақты пікір, салиқали ой, жарқын толғаныс

Бүгінгі ғасырдың бойжеткені, менің ойымша...

Қазіргі ұрпақ ұлттық сипаты, рухани құндылығы жұтаң «Батыстың» тәлім-тәрбиесін қомағайлана жұтады. «Батыс» демекші, технология әлемін, теледидар беттерін жаулаған рухани құндылыққа зәру жарнамалық дүниелері-бейне бір жер шарындағы ірге тасынан өз тілі, діні, ұлттық мәдениеті бар елдермен күреске түскендей. Осы орайда «Батыс мәдениетін» дүние жүзіне таралған жайылмалы дертті ісік екенін мойындағандай боласың. Мәселен: парасатты, кішіпейіл, сыпайы тағы басқа ибалық мінездердің бәрін иманды қаракөз қыздарымыздың арасында сақтаулы. Өкінішке орай, біреуден көргенімізді қайталап істеу керек болып тұрады.

 
Бүгінгі ғасырдың бойжеткені, менің ойымша...

Қыз бала тәрбиесіне халқымыз сонау заманнан ерекше мән беріп келеді. Қыз баланы құрметтеу, қыз бала алдында дөрекі сөйлемеу, ізетті болу, ер-тұрманы әшекейленген сұлу жорға мінгізу, босағада отырғызбау сияқты дәстүрлі, тәрбиелік мәні зор әдет-ғұрыптарды атадан балаға мұра етіп қалдырып отырған. Қазақ қызы дегенде қос бұрымымен, бүрмелі көйлегімен, жүзінде иба мен ұят табы бар ару елестейді. Ал қазір ше? Ұлт-тық киімді емес, жалпы келбетті алайық. Біз нағыз қазақ қызын сақтай алдық па? Бізге қарап жақсының жалғасы деп қуана ала ма? Нағыз қазақ қызын сақтай алу үшін не істеу керек? Осы сияқты сауалдар қазіргі қазақ қоғамын толғандыруы тиіс мәселелердің бірі деуге болады.

 
Бүгінгі ғасырдың бойжеткені, менің ойымша...

Табиғат әйелге былай дейді: қолыңнан келсе, сұлу бол, қаласаң дана бол, ал, саналы, ақылды болуға міндеттісің.

П. Бомарше

Жер бетіндегі кез келген халықтың өз алдына ұлт болып ұйысуына, жеке халық, егемен ел, дербес мемлекет болып қалыптасуына әйел-аналардың сіңірер еңбегі орасан зор. Ендеше, ұрпақ тәрбиесі, соның ішінде қыз бала тәрбиесі – ұлттың тағдыры.

 
Бүгінгі ғасырдың бойжеткені, менің ойымша...

«Отан отбасынан басталады» десек, сол әрбір кіші отанның ұйытқысы, берекесі болатын – әйел адам. Ұлттың адаспай, ұлт болып қалуы, қоғамның ырғақты дамуы, мемлекеттің өркендеуі – соңында келіп әйелге, келешек Ана болар қыздардың қалай тәрбиеленетініне байланысты болмақ.

 
Бүгінгі ғасырдың бойжеткені, менің ойымша...

Ұлт болып ұйысуда, жұрт болып жұмылуда, халық болып қайрат танытуда қазақ қызының атқарар рөлі, алар орны тым ерекше. Өйткені тал-бесікті тербеткен аналар ұлттың ұлын тәрбиелейді. Ал бүгінгі таңның қазақ қызы қандай болуы қажет?

 
Бүгінгі ғасырдың бойжеткені, менің ойымша...

Қадыр Мырзалиевтің «Әдемі қыз – көзіңе жақын, әдепті қыз – көңіліңе жақын» деген сөзі бар. Осындай көңіліңе жақын қыз тәрбиелеп өсіру әрбір ата-ана, әулеттің ғана емес, мемлекет пен қоғамның да міндеті.

 
Бүгінгі ғасырдың бойжеткені, менің ойымша...

Бұраңдап ақ моншақтай керілген қыз,

Оздырдың салтанатты еліңнен қыз.

Сәулесі ақ жүзіңнің жерге түссе,

Реңкің сары алтындай көрінген қыз.

Мұрат Мөңкеұлы

 
Қыз ұзату

Қазақ қызын қашанда қадір тұтқан. Қасиетке балаған. Төрін ұсынған. Себебі, қыз - өріс. Қыз – кие. Қыз – ұлтының ұяты. Қыз – халқының шырайы. Қыз - өмірдің бастауы. Қыз – тіршіліктің тірегі. Бұл қасиеттер қыз ғұмырдың пешенесіне әуел бастан-ақ бұлжымастай етіп жазылғандай. Ал сол ақ үрпек балапанын аялы алақанынан ұшырарда қай ата-ананың болмасын көңілі тоқып, жан тебіренісіне түсері хақ. Сосын өзегін жарып шыққан балапанына: «Құтты орныңа қонып, бағың ашылсын!» деп Жаратқаннан тілек тілеумен болады.

 
Мамандықтың жаманы жоқ

Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе.

Ж. Аймауытов

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 Келесі > Соңғы >>

Страница 1 из 4

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:678
Кеше:1192
Барлығы:3061407