Қыздар әлемі
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ, ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БАСТАУЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ

Еліміздің ертеңі жас ұрпақ қолында екенін ескерсек, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу кезек күттірмейтін мәселе. Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы  «Еуразия әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігінің 2017-2018 оқу жылындағы бөбекжайлармен бірлесе ұйымдастырылатын жұмыс жоспары құрылып, оның мазмұнында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын қалыптастыру үшін ең алдымен ұлағатты тәрбие мен сапалы білімнің қажеттілігі анық көрсетілген. Мектеп жасына дейінгі балаларға тілдің құдіретін және оның эстетикалық құндылығын сезіндіру мақсатын көздейді.

 
Бүгінгі ғасырдың бойжеткені жастар көзімен: салмақты пікір, салиқали ой, жарқын толғаныс

Бүгінгі ғасырдың бойжеткені, менің ойымша...

«Қыздар әлемі» порталына кіріп, өзімнің замандастарымның «Бойжеткені бүгінгі ғасырымның» айдарындағы пікірлерін оқыдым. Мен де қыз бала тәрбиесіне қатысты өз ойымды білдіруді жөн көрдім.

Ежелден қазақ қызын дүйім жұрттың ұяты, халықтың шырайы деп баға берсе керек. Ұлт болып ұйысқан қазақ жұртының қаймағы бұзылмай, жеке халық болып қалыптасуына септігін тигізді. Қашан да ұрпағының болашағын ойлап, өркен жайып, өнегелі өмірдің өшпес ізін қалдыратын қазақ қаракөздерінің бейнесі бүгінде жоқ емес. Бар. Алайда, әр бұрышта жасырынып болсын немесе жарияға жар салып, темекіні телміріп тартатын қыз балалардың бүгінгі халі кімге үлгі? Келешекте кемеліне жетер бала сүйе ала ма? Жалын атқан жас кеуде лезде барынан айырылып, сорлыға айналатыны белгілі ғой.

 
«Ұл қандай болуы керек?», «Қыз қандай болуы керек?» тақырыптарындағы өзекжарды ойлары мен толғаныстары

Ақын,  Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері  Шолпан Қыдырниязованың «Менің тәрбие сағатым» аталатын жазбаларындағы «Ұл қандай болуы керек?», «Қыз қандай болуы керек?» тақырыптарындағы өзекжарды ойлары мен толғаныстарын ұсынамыз.

 
Данадан қалған дара сөз

Бала – адамның бауыр еті, көз нұры.                    

Бала ақылды болса,
ата-ананы оздырады.
Желбуаз, жетесіз болса,
жерге қаратып тоздырады.

 
Балаңыздың ертеңгі азамат екенін ұмытпаңыз!

«Арыстандай арпалысып еңбектенген адамның қолына бақыт құсы өзі кеп қонады. Қуыс кеуде жазғандар ғана: «Бәрі тағдырдан!»- дейді. тағдырды қаһармандық істеріңмен жең; алда-жалда ыгта-жігерің табысқа жеткізе қоймаса, онда сенің кінәң жоқ!» дейді ежелгі үнділіктер. Мұны мен жастарға былай деп өзгерте айтар едім: «Сен көздеген мақсатыңв жетуің үшін  таңдаған жолда қиындықтар да, жеңістер де кездеседі. Алайда, қиындыққа налымай, одан өтуге басқалай әрекет ету керексің. Сондай-ақ, бір рет жеңіске жеттім деп қуанбай, нәтижеге жету үшін бастаған ісіңді жарты жолда қалдырма. Сен болашағыңа, біліміңе және мақсатыңның орындалатынына сен».

 
Бүгінгі ғасырдың бойжеткені жастар көзімен: салмақты пікір, салиқали ой, жарқын толғаныс

Бүгінгі ғасырдың бойжеткені, менің ойымша...

Қазіргі ұрпақ ұлттық сипаты, рухани құндылығы жұтаң «Батыстың» тәлім-тәрбиесін қомағайлана жұтады. «Батыс» демекші, технология әлемін, теледидар беттерін жаулаған рухани құндылыққа зәру жарнамалық дүниелері-бейне бір жер шарындағы ірге тасынан өз тілі, діні, ұлттық мәдениеті бар елдермен күреске түскендей. Осы орайда «Батыс мәдениетін» дүние жүзіне таралған жайылмалы дертті ісік екенін мойындағандай боласың. Мәселен: парасатты, кішіпейіл, сыпайы тағы басқа ибалық мінездердің бәрін иманды қаракөз қыздарымыздың арасында сақтаулы. Өкінішке орай, біреуден көргенімізді қайталап істеу керек болып тұрады.

 
Мемлекеттік тілдің дамуы, латын әліпбиіне көшу мәселелері бойынша танымал лингвист ғалымдар мен саясаткерлердің қатысуымен өткен республикалық семинар кездесулер барысы

Мемлекеттік тілдің дамуы, латын әліпбиіне көшу мәселелері бойынша танымал лингвист ғалымдар мен саясаткерлердің қатысуымен өткен республикалық семинар кездесулер барысы

 

 
«Ұстаз» деген ұлы есімді иелену де – ұлы іс

Қыздар әлемі» порталының қонағы М. Өтемісов атындағы БҚМУ қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Рита Сұлтанғалиевамен сұқбат

 
Рухани жаңғыру, ұлттық тәрбие бастауы – бөбекжайда

Ағымдағы жылдың 13 қазан күні Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының әлеуметтік тапсырысы негізінде мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері және мектептің бастауыш сынып арасында мемлекеттік тілді, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру жобасы бойынша №39 «Салтанат» бөбекжайында «Рухани жаңғыру, ұлттық тәрбие бастауы – бөбекжайда» атты семинар өтті.

 
Бүгінгі ғасырдың бойжеткені, менің ойымша...

Қыз бала тәрбиесіне халқымыз сонау заманнан ерекше мән беріп келеді. Қыз баланы құрметтеу, қыз бала алдында дөрекі сөйлемеу, ізетті болу, ер-тұрманы әшекейленген сұлу жорға мінгізу, босағада отырғызбау сияқты дәстүрлі, тәрбиелік мәні зор әдет-ғұрыптарды атадан балаға мұра етіп қалдырып отырған. Қазақ қызы дегенде қос бұрымымен, бүрмелі көйлегімен, жүзінде иба мен ұят табы бар ару елестейді. Ал қазір ше? Ұлт-тық киімді емес, жалпы келбетті алайық. Біз нағыз қазақ қызын сақтай алдық па? Бізге қарап жақсының жалғасы деп қуана ала ма? Нағыз қазақ қызын сақтай алу үшін не істеу керек? Осы сияқты сауалдар қазіргі қазақ қоғамын толғандыруы тиіс мәселелердің бірі деуге болады.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 Келесі > Соңғы >>

Страница 1 из 8

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:678
Кеше:1192
Барлығы:3061407